Armanga bastar asular [Камшат Балтабаевна Бекежанова] (fb2) читать постранично, страница - 6


 [Настройки текста]  [Cбросить фильтры]

Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік – тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.

Әбу Насыр әл – Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі XX -ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.

Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және Фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары Маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы мен ғылым-білімге сіңген еңбегін бастама етіп жазуымның себебі, біздің келешек ұрпақ ата-тегінің қандай ғұлама ғалым болғанын білуі тиіс. Сонда ғана тағылымға толы тарихпен сусындаған болашақтың бағыты айқын болары сөзсіз. Адам баласы ең бірінші өзінің бітім-болмысы мен санасының қабілетін дұрыс жүйеге қоя білгенде ғана үлкен белестерді бағындыра алады.

Менің осы кітапты жазуыма түрткі болған елімізде өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыздың алғыр, есеп-қисапқа деген ынтасының жоғары екенін байқағаным еді. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болсам да, дүниеге келген тұңғыш қызым матеметикаға бейім болды. Қызымның тілі өте ерте шықты. Өзінің математикаға деген қызығушылығын байқаған соң, барынша қиынырақ тапсырма беріп, үш-төрт жасынан бастап көбейту кестесін жаттап шығуына себепкер болдым. Бірінші сыныпта математика пәнінен берілген барлық тапсырмаларды өзі менің көмегімсіз орындап жүрді. Сол жылдары, Алланың қалауымен мемлекет тарапынан жолдасыма үш бөлмелі пәтер беріліп, Тараз қаласынан Алматыға қоныс аудардық. Ол пәтеріміз Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 физика-математикалық мектептің жанында орналасқан болып шықты. Сұрастыра келе, физика-математика бағытындағы атаулы лицей оқушыларды бесінші сыныптан бастап, тек емтихан арқылы қабылдайтынын білдім. Қызым емтиханды ойдағыдай тапсырып, сол шаңырақта оқуын жалғастырды. Негізінде әкесі екеуміз осы қызымыздың Республикалық физика-математикалық бағытында білім беретін О. Жәутіков атындағы мектепте білім алғанын армандап жүрдік.

Бағымызға орай, біздің бақытты шаңырағымыз мектептің тура жанында орналасқаны өте жақсы болды. Терезеден оқушылардың кіріп-шығып жүргенін көрудің өзі бір ғанибет қой шіркін! Адам армандай білсе міндетті түрде сол арманы орындалатынына осы уақытқа дейін көзім жетіп келеді. Жастайынан сен Жәутіков мектебінде оқисың деген сөз қызымның санасына сіңіп қалғандықтан ба, жоқ менің аналық арманым ба білмедім. Қызым білімін жетілдіріп, Жәутіков мектебіне де емтихан тапсырып, білім алу бақыты бұйырды. Бүгінде менің үмітімді ақтап үздік оқушы атануда. Биыл тоғызыншы сыныпты үздік бітірді. Ата-ана ретінде, қызым білім алып жатқан оқу ордасы жайында барлық мәліметтер мені өте қызықтырып жүрді. Әсіресе, шет елдегі олимпиадаларға қатысып жүлделі орын алып келіп жатқан ұл-қыздар жайында естіген шағымда өзімнен –өзім жүрегімді қуаныш билеп, мінекей қазақтың қаны сіңген ұрпақ осындай болу тиіс!– деп, көңілімді қуаныш билейтін. Бұл тектіліктің қайдан келіп жатқанын ұғып та отырған боларсыздар… Арғы аталарымыз әлемді мойындатқан ғұлама-ғалымдар болғанын ескерсек, сол текті ел ұрпағының қолынан да келетіні белгілі.

Бірінші тарау

Ұлы оқу ордасының құрылу тарихы, XX – шы ғасырдың, 1960-1970 жылдар аралығынан бастау алған. Сол кезеңде, әлемдегі екі ұлы держава СССР мен АҚШ бір-бірімен бақталастыққа түсіп, космосты бағындыруға деген ұмтылысы артып, елге білгір мамандар қажет болады. Совет өкіметі құрылғаннан кейін жоғарғы оқу орындары көптеп ашыла бастайды. Одаққа көптеген білікті мамандарды тәрбиелеп шығуға тура келеді. Оның ішінде қазақтан шыққан Қ. Сатпаев, О. Жәутіков